16.08.2022, 15:51 10816

Маңғыстау энергия торабында электр энергиясының тапшылығы пайда болды

"KEGOC" АҚ электр желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, авариялық ажыратулар жоқ.
Маңғыстау энергия торабында электр энергиясының тапшылығы пайда болды
АҚТАУ. 16 ТАМЫЗ - Маңғыстау энергия торабында "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жылу электр станциясында №1 энергия блогының ажыратылуына байланысты электр энергиясы мен қуат тапшылығы пайда болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "KEGOC" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 15 тамызда сағат 05:56-де "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Маңғыстау облысы) жылу электр станциясында №1 энергия блогы авариялық жөндеу жүргізу үшін ажыратылды. Нәтижесінде Маңғыстау энергия торабында электр энергиясы мен қуат тапшылығы пайда болды", - деп хабарлады KEGOC АҚ баспасөз қызметі.

 
Энергия блогын жөндеу кезінде Маңғыстау өңірлік электр желілік компаниясының (Маңғыстау ӨЭК) электр желілерінде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізіледі. Халықты энергиямен жабдықтау басым түрде, толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс.
 

"KEGOC" АҚ электр желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, авариялық ажыратулар жоқ", - деп нақтылады компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны