06.01.2023, 16:25 29891

Міндетті дактилоскопия Қазақстанда 2024 жылға дейін тоқтатылды

Міндетті дактилоскопия Қазақстанда 2024 жылға дейін тоқтатылды
Сурет: Pexels.com
Сондай-ақ, осы мерзімге босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату бөлігінде ережелердің қолданылуы тоқтатылды

Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды "Ашық НҚА" сайты.
 
 "Ашық НҚА" порталында жарияланған заң жобасы дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұрады.
 
Сондай-ақ, осы мерзімге босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату бөлігінде ережелердің қолданылуы тоқтатылды.
 
2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қаулының осы бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:
 

Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды", - делінген құжат мәтінінде.

 
Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР азаматының паспортын, ҚР азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою бөлігінде қағидалардың қолданылуы тоқтатылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өту ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алуға ниет білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін; үй шаруашылығында жұмыс беруші-жеке тұлғалардан жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) мақсатында ҚР-ға үй қызметкерлері ретінде келген; не ҚР визасын ресімдейді.
 
Бұған дейін Ресейде кейбір мигранттар үшін фотосурет пен саусақ ізін алудың жаңа ережелері күшіне енген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны