14.06.2021, 23:52 8192

Мырзағалиев ағаштарды заңсыз кескені үшін жазаны қатаңдату туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ағаштарды заңсыз кескені үшін қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министр Алматы қаласындағы Сулпак дүкенінің жанындағы 11 ағашты заңсыз кесу жағдайынан кейін ағаштарды заңсыз кесу, жою және бүлдіру жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға айыппұлды ұлғайту және бұзушыларға санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салды.
 

Осылайша, Қызыл кітапқа енген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге орман қорында және қалалар мен елді мекендер шегінде ағаштарды және бұталарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін құқық бұзушыларға айыппұлдарды ұлғайту және санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі барлық мәселелерді заңнамалық реттеу мақсатында "Өсімдіктер әлемі туралы" Заң жобасы әзірленді. Ол Мәжілісте қаралады", - деп түсіндірді Мырзағалиев.

 
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу барысы туралы айтып берді. Осы мақсатта облыстар мен министрліктің барлық ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша кешенді жоспарлар бекітілді. Жоспарларда республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттерден де шығыстар көзделген. Орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылын үйлестіру жөніндегі Штаб құрылды. Аағаш егу жұмыстары басталды. 
 
Қазірдің өзінде 26,1 мың га алаңда 80,5 млн ағаш отырғызылды, көрсетілген шаралар елдің ормандылығын 2030 жылға қарай 5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны