22.09.2021, 19:56 13238

Нұр-Сұлтан дәрігерлері "хрусталь балаларға" бірегей ота жасады

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Нұр-Сұлтан дәрігерлері "хрусталь балаларға" бірегей ота жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 

Елорданың №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының хирургтары бұрын тәжірибе жүзінде болмаған, жаңа инновациялық әдіс бойынша бірегей ота жасады. Тараздағы балалар үйінен келген 4, 6 жастағы ұл мен қызға остеогенезі жетілмеген диагнозы қойылып, қаңқаның ұзын сүйектерінің деформацияларын жою отасы жасалды. Тиісті ота жасалмаса балалардың дамуына кері әсері тиюі мүмкін", - деп хабарлады қаланың ішкі саясат басқармасында.

 

Бұл диагноз ары қарай дамитын болса балалар өздігінен қозғала алмайтын болады. Бұл хирургиялық түзетуде инновациялық әдістердің бірі – fassier-duval телескопиялық интрамедуллярлық өзектер қолданылды. Негізгі артықшылығы – оны жеңіл орнату және ұзын құбырлы сүйектердің эпифиздеріне жақсы бекіту", - дейді №2 балалар ауруханасының ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Агабек Чикинаев.

 
Бұл операция Ресейдің танымал профессоры, EPOS Еуропалық балалар ортопедтері қоғамының мүшесі Константин Жердевпен бірге қазақстандық мамандарды оқыту аясында жүргізілді.
 

Мұндай ота бізде алғаш рет өтіп отыр. Қобалжығанымызбен кәсіби дайындықпен келдік. Бұл мамандарымыздың біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе жинауға ықпал етті. Алдағы уақытта қазақстандық дәрігерлер күрделі операцияларды жүргізуде осы инновациялық әдісті қолдана алады. Себебі мұндай диагнозы бар пациенттердің саны жыл сайын артып келеді", - деп бөлісті дәрігер Бақтияр Жұмабеков.

 
Аталған оқыту "Менторлық" жобасы аясында "BI-Жұлдызай" корпоративтік қорының қолдауымен өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны