28.12.2021, 19:29 16576

Нұр-Сұлтан мен Алматы жаңа жылдық отшашулардан бас тартты

Нұр-Сұлтан мен Алматы жаңа жылдық отшашулардан бас тартты
Сурет: елорда әкімдігі
НҰР-СҰЛТАН. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Нұр-Сұлтан мен Алматы билігі жаңа жылдық отшашулардан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, елорда әкімдігінің Instagram-парақшасында Жаңа жыл қарсаңында 15 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында елордада полицейлер мен құтқарушылар бірлесіп, "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізетіні туралы хабарланған.
 
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы онлайн-брифинг барысында құқық қорғау органдарының сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың таралуының жолын кесу және жаңа жылдық мерекелерде жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.
 

Пиротехника – бұл қауіпті құрал, ол мерекелік отшашумен қатар өрттің туындауына ғана емес, адам денсаулығына да айтарлықтай зиян келтіреді. Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген қағидаларын сақтағанын бақылау мақсатында 15 желтоқсаннан 12 қаңтарға дейін полицейлер құтқарушылармен бірлесіп базарларда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық сауда фактілерін анықтап, жолын кеседі. Сол сияқты рұқсат құжаттарынсыз жыл сайынғы "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып саналады", - деді ол.

 
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында елорда тұрғындары арасында пиротехникалық бұйымдар үлкен сұранысқа ие. Алайда, қауіпті отшашулар және басқа да бұйымдарды сатып алу және пайдалану кезіндегі қарапайым сақтық шаралары туралы қала тұрғындары толық біле бермейді. Аталған өнімді пайдалану, сақтау және сату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау өрт тудыруы мүмкін және түрлі дәрежеде термиялық жарақат алу қаупіне апарады.
 
Спикердің айтуынша, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан Нұр-Сұлтан қаласының аумағында зардап шеккендер тіркелген жоқ.
 
Еске сала кетейік, өткен жылы мегаполис билігі мерекелік салют өткізуден бас тартқан болатын.
 
Бұған дейін Италияда жаңа жылдық отшашулардың салдарынан жүздеген құстар қайтыс болды деп хабарланған болатын. Германия өткен жылы бүкіл ел аумағында жаңа жылдық пиротехниканы сатуға тыйым салды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны