22.04.2022, 12:46 27046

Нұр-Сұлтанда бұрыс тұрақ автоматты режимде тіркеледі

Елорда жолдарында бұрыс тұрақ полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз тіркелетін болады.
Нұр-Сұлтанда бұрыс тұрақ автоматты режимде тіркеледі
НҰР-СҰЛТАН. 22 СӘУІР - 22-ші сәуірден бастап бос орындарға көліктердің тоқтап тұруын автоматты түрде реттейтін жүйе енгізіледі. Елорда жолдарында бұрыс тұрақ полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз тіркелетін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Елорда жолдарында құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-нің арнайы көліктерімен жабдықталған "Дозор-М" фото-бейнетіркеу кешендері арқылы көліктердің аялдамасы мен тұрағы тіркелетін болады", - деп хабарлады "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС баспасөз қызметі.

 
Компанияда хабарлағандай, "Дозор-М" кешендері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттаудан және тіркеуден өтті. Автомобильдердің белгіленбеген жерде болу фактілерін анықтау көлік құралының нақты уақыты мен орнын анықтайтын және тіркейтін GPS/ҒНСЖ жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
 

Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына сәйкес 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түріндегі жауапкершілік көзделген", - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны