06.05.2022, 16:00 20006

Нұр-Сұлтанда балабақшаның үш қызметкері балаға дөрекілік танытқаны үшін жұмыстан босатылды

Олар төрт жасар баланы спортзалдың дүңгіршегіне мәжбүрлеп қамап қойғаны үшін жазаланды.
Нұр-Сұлтанда балабақшаның үш қызметкері балаға дөрекілік танытқаны үшін жұмыстан босатылды
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - Балабақшаның екі тәрбиешісі мен меңгерушінің міндетін атқарушы өз қызметінен айырылды. Олар төрт жасар баланы спортзалдың дүңгіршегіне мәжбүрлеп қамап қойғаны үшін жазаланды.
 
Анасының айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баланы спортзалдың дүңгіршегіне қамап тастаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қыз қанша жыласа да оған ешкім құлақ аспаған көрінеді. Бала ұзақ емделіп, оңалтудан өткен, бүгіндері невропатолог дәрігердің есебінде тұрады. Балабақша қызметкерлері бұл туралы білгені айтылады.
 

Басқа балалар оның есікті тарсылдатып, жылағанын естіген. Баламды ешкім аямады, ешкім. "Мама, мен бұтыма жіберіп қойдым. Ол мені сол араға қамап тастады, қатты қорқып кеттім. Дірілдеп, айқайлай бердім, бірақ есікті ешкім ашпады", - деді зардап шеккен қыздың анасы Айнұр Әбдірахманова.


 
Мектепке дейінгі мекемедегілер тәрбиешіге сөгіс жариялағандарын айтты, бірақ оның кінәсін жоққа шығарып отыр. Ақыры іс Білім басқармасына да жетті, ондағылар бақылау камераларындағы таспаны зерттеп, балаға дөрекілік жасалғаны туралы фактіні растады. Нәтижесінде балабақша әдіскері, топ тәрбиешісі және дене шынықтыру мұғалімі арнайы бап бойынша жұмыстан босатылды.
 

Біз педагогтармен бірге кезектен тыс жиналыс өткізіп, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдадық. Өйткені арыз жазылған, дене шынықтыру мұғаліміне, меңгерушіге, әдіскерге, тәрбиешіге, күтуші қызметкерге қатысты шаралар қолданылсын деп талап етілген. Енді біз не істеуіміз керек? Біз өз дегенімізде тұрамыз. Дене шынықтыру мұғалімі қараптан-қарап сөгіс алды", - деді әдіскер Құндыз Көшен.

 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны