22.06.2021, 22:07 19002

Нұр-Сұлтанда карантин режимі күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - Бүгін ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты:
 
- сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);
 
- сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда");
 
жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің орналасуына қарамастан);
 
- санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.)
 
Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, "Дельта" штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
 
Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігіне тексеру жүргізу тапсырылды.
 
Қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, карантиннің қатаңдауы Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнді штаммының анықталуына байланысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны