28.05.2021, 19:10 11843

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жасалды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАМЫР - Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Қолданыстағы заңнаманы аттап өтіп жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты, төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне жарамсыз болып саналады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді", - деп хабарлады ведомствода.

 
 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
 
Туындаған сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.
 
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі төменде көрсетілген:
 
1. "BS Company" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй, Комсомольский тұрғын алабы, Қыз Жібек көшесі, 30/1; 
 
2. "White Gold Development" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жобалық атауы №26 және №36 көшелердің қиылысы; 
 
3. "First LQ" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар 4 көппәтерлі тұрғын үй кешені, Қабанбай батыр даңғылы мен 277 көшесінің қиылысы;
 
4. "Лея" ЖШС құрылыс компанияларының тобы - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, №26 және 37 көшелердің қиылысы (жобалық атауы "Лея за рекой"); 
 
5. "Лея" ЖШС құрылыс компанияларының тобы - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Қордай көшесі, "Лея север"; 
 
6. "International invest Company IIC" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Е 305 көшесі;
 
7. "Transcapital" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, №5 учаске, Е 344 көшесі, "Gold Land"; 
 
8. "АзияЦентрСнаб" ЖШС - Алматы ауданы, А91 және А92, "Жұлдыз" көшелерінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені; 
 
9. "Азия" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Сыртқы және инженерлік желілерсіз. Е547 және Е567 көшелері;
 
10. "NUR-Tas-2020" ЖШС - А 83 және А 84 көшелері арасында жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені; 
 
11. "Ақтас-М" ЖШС - паркингі бар көпфункционалды-әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің квадратындағы 1-кезек; 
 
12. "Astana Building Құрылыс фирмасы" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені. Б және В блоктары Ж.Нәжімеденов көшесі, Промышленный тұрғын үй кешенінің оңтүстігі, "Ордабасы";
 
13. Құрылыс салушы Салимов С.С. - жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені. Алматы ауданы, А 86 көшесі, "Sancy"; 
 
14. "Градум Строй" ЖШС - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысы, №44 және Тәуелсіздік даңғылы, "Золотая миля"; 
 
15. "Техмонтажстрой" ЖШС - көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегінің құрылысы, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысы; 
 
16. "Байтас инвест" ТҚК - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский тұрғын алабы, Ақан сері көшесі, №53 учаске, "One house"; 
 
17. "Ер-Тау" ЖШС - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Кеңесары көшесі және Т. Шевченко көшесі, "Шавгар";
 
18. "Development Building Group" ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, И.Омаров көшесі; 
 
19. "Лея" ЖШС құрылыс компанияларының тобы - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 және А 91 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысы, "Лея station city"; 
 
20. "KENAR Invest" ЖШС МТС құрылыс компанияларының тобы - Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы және Ш.Айтматов, Е367, Е431 көшелерінің шаршысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені; 
 
21. Хасенова Бибісара Закириевна - жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Тельман тұрғын алабы, Е 116 көшесі; 
 
22. "Жер Билдинг" ЖШС - салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешені және паркингі бар бизнес орталық, Есіл ауданы, Е430 көшесі, "Табысты";
 
23. "Арзан 777" ЖШС - А.Байтұрсынов және А85, А86, "Алтын Отау" көшелерінің қиылысқан ауданы, ішіне салынған үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені; 
 
24. "Строй-Инвест-Групп KZ" ЖШС ("Жанұя инвест" құрылыс компанияларының тобы) - коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/8 учаске, "Сапсан"; 
 
25. "Mars project" ЖШС ("Жанұя инвест" құрылыс компанияларының тобы) - коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А85, А86, А91, "Казанат-2 кезек"; 
 
26. "РДМ-СЕРВИС" ЖШС (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы) - Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е126 және Е182 көшелері мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жобалық атауы - "Hokkaido" (Хоккайдо); 
 
27. Стройкласс құрылыс компанияларының тобы - Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы - Е128 көшесі, "Satti Jol" мекенжайында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені;
 
28. "Mainstreet" ЖШС - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Б.Майлин көшесі, 6, "Парус"; 
 
29. "Береке құрылыс 2030" ЖШС - коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй, Пригородный тұрғын алабы, Қабанбай батыр даңғылы ауданы; 
 
30. "Astana Real Estate Company" ЖШС, ASTI Group құрылыс компанияларының тобы - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А62 көшесі; 
 
31. "Астана - Таза су" ЖШС - көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Е418 көшесінің қиылысы; 
 
32. "Проектная компания Астана Девелопмент" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, 1-кезек, полигон 4, тұрғын тобы 5, Жаркент көшесі, 26;
 
33. "Garant Investment" ЖШС - жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, "Есіл" ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы; 
 
34. "Аруана - ХХІ" ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, "Дәулеткерей"; 
 
35. "Белая гора" ТҚК - коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/2 "Silk way".
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны