22.07.2021, 23:20 11764

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдары аталды

"Тыйым салынған" тізімге 30-дан астам компания кірді.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады", - деп хабарлады елорда әкімдігінде.

 
Тыйым салуды бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапқа тартылады.
 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді. Туындаған сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30", - деп қосты елорда әкімдігінде.

 
Компаниялардың толық тізімін мына жерден табуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны