16.08.2021, 20:25 13868

Нұр-Сұлтанда Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы қозғалыс жабылады

Құрылыс жұмыстарына байланысты биыл 17 тамызда сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында автокөлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланып отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысы" жобасын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен асфальтбетон жабынын салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Құрылыс жұмыстарына байланысты биыл 17 тамызда сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында автокөлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланып отыр.
 
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", — делінген көлік басқармасының хабарламасында.

 
Бұған дейін хабарланғандай, жөндеу жұмыстарына байланысты 16-20 тамыз аралығында Айманов көшесінде Сейфуллин көшесінен Омаров көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны