02.08.2021, 22:00 15689

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланбаған қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады

Мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы тиіс.
НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бірқатар ұйым мен нысанның 2 тамыздан бастап COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерінің күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың ішінде: халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндірістік нысандар, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс нысандары, қонақ үйлер, әуежайлар, вокзалдар, білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, денсаулық сақтау, санаторийлер, көңіл көтеру орындары, дәріханалар және т.б.
 
Бұдан бөлек мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы тиіс. Соңғы 3 ай ішінде вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар үшін бұл талап қолданылмайды.
 

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызметкерлерді бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде – COVID-19 вакцинасының екінші компонентімен (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) иммундау жүргізуді ұйымдастыру керек", - деп еске салды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны