03.06.2022, 14:23 20046

Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар жол жартылай жабылады

Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар жол жартылай жабылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Ағымдағы жылдың 3-6 маусым аралығында асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуге байланысты Уәлиханов көшесінен №2 жол өтпесі бойымен көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылатын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Айманов көшесі жағынан Бөгенбай батыр даңғылы бойынша қозғалыс кезінде көлік ағындары тиісті жол белгілері мен көрінетін қоршауларды орналастырып, қарсы бағыттағы жол жағына бөлінеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын өздерінің жүру маршрутын алдын ала жоспарлап, жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде барынша мұқият болуды сұраймыз", - деп хабарлады ПД.

 
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 3 маусым сағат 22.00-ден бастап 6 маусым сағат 06.00-ге дейінгі кезеңде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Омаров көшесінің қиылысындағы Сығанақ көшесінің учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылатын болады.
 
Сығанақ көшесінің бойымен Омаров көшесі жағынан қозғалыс кезінде тиісті жол белгілері мен көрінетін қоршаулар орнатылып, көлік ағыны қарсы бағыттағы жол жағына бөлінеді.
 
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қауіпсіздік және көлік кептелісін болдырмау мақсатында жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, осы учаскеде барынша мұқият болуды және қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны