Нұр-Сұлтанның Бас санитарлық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенованың 2021 жылғы 3 наурыздағы №8 қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
Аталған құжатқа сәйкес, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантин шараларын қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыруға рұқсат беріледі.
СПА орталықтары, СПА салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастырылады.
Компьютер клубтарының жұмысын тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға баруға рұқсат беріледі.
Боулинг орталықтарының жұмысын тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50 пайыз дан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат етілед. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.