17.02.2022, 17:04 24381

Нұр-Сұлтанның екі энергетикалық компаниясы тұтынушылардың шағымынан кейін тексеріледі

Тексеру ағымдағы жылғы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясы үшін төлем сомаларын есептеудің негізділігі бөлігінде жүргізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН - Елорда тұтынушыларының бірқатар шағымдары негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "Астана – АЭК" АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тексеру ағымдағы жылғы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясы үшін төлем сомаларын есептеудің негізділігі бөлігінде жүргізіледі, деп нақтылады ТМРК.
 

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылатындығын атап өту қажет. Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, атап айтқанда коммуналдық қызметтер бойынша төлем сомалары жоғары түбіртек келіп түскен кезде, елорданың әрбір тұрғыны ТМРКД-ның атына: Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе [email protected]. e-mail өтініш беруге құқылы", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны