25.07.2024, 12:17 108866

Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады

Алматының Наурызбай ауданында екі жаңа емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Наурызбай ауданының тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Құрамыс және Шұғыла ш/а-да екі жаңа емхана салу жоспарлануда. Әрбір медициналық мекеме 500 келушіге арналған. Жобалардың жалпы құны 16,5 млрд. теңге. Сондай-ақ, Ақжар ш/а 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған, оның жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге. 2024 жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың шығуы күтілуде, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, 2025 жылдың 1 тоқсанына белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны