17.03.2022, 18:30 113116

Оман қазақстандықтар үшін визалық режимді өзгертті

Оман қазақстандықтар үшін визалық режимді өзгертті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 17 НАУРЫЗ - Оман Сұлтандығы 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандық азаматтар үшін визасыз режим енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ү.ж. 1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады", - деп хабарлайды ҚР СІМ.

 
Егер ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеу қажет. 
 
Ведомствода атап өткендей, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, бұл қағидарларды бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек. Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидарлармен Оман әуежайының сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.
 
Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны