24.08.2021, 20:52 8685

Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардың тізімін Экология министрлігі жариялады

"Ашық НҚА" порталында ашық талқылауға салынған тізімге 50 "лас" өндіріс кірді.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде қоршаған ортаны барынша ластайтын 50 кәсіпорын аталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Кәсіпорындардың толық тізімі және "Қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасы жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
 
Тізбеге тау-кен, металлургия, мұнай өндіру кәсіпорындары, химия комбинаттары, 10-нан астам ЖЭО, су электр станциялары, цемент, әк және минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттар кірді.
 
Қазіргі уақытта ластаушы кәсіпорындардың қызметі ҚР Экологиялық кодексімен реттеледі және "ластаушы төлейді" қағидаты бойынша құрылады.
 

Қызметі қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал не адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін тұлға Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, өз қызметінің жағымсыз салдарларын болғызбау және бақылау жөніндегі, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды түзету қағидатына сәйкес жою жөніндегі талаптарды орындау бойынша барлық шығыстарды көтереді", - делінген кодексте.

 
Қаулы жобасын жария талқылау 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін жалғасады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны