01.02.2023, 11:25 58701

Отбасы банк мемлекеттен 116 мың теңге алуға болатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Отбасы банк тек банктің ресми көздеріне сенуді сұрайды
Отбасы банк мемлекеттен 116 мың теңге алуға болатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Интернет кеңістігінде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатындығы туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Отбасы банктің баспасөз қызметі.

Алаяқтар 10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы Банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды екен.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - деп хабарлады Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны