09.08.2021, 20:28 13753

"Қою қызыл" аймақтағы Ashyq жобасының қатысушыларына жұмыс күні ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Бүгіннен бастап "қою қызыл" аймақта орналасқан Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер өзінің "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазған ресми хатында хабарлады. 
 

Қаулы мәтінінде 2021 жылғы 9 тамыздан бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін "қою қызыл" аймақтағы нысандарға сағат 22:00-ге дейін, "Ashyq лидерлері" статусын алған нысандарға сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат екені жазылған. Алайда қаулыға 4-қосымшада осы аймақтағы нысандар сағат 20:00-ге дейін, ал "Ashyq лидерлері" сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етілгені көрсетілген. Бір құжатта осындай қайшылыққа байланысты кәсіпкерлер "Атамекенге" өтінім жасай бастады, біз бас санитарлық дәрігердің атына жағдайды нақтылау туралы ресми хат жолдадық", – деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 
Ресми алынған жауапқа сәйкес 2021 жылғы 9 тамыздан бастап "қою қызыл" аймақтағы Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандардың жұмыс кестесі сағат 22:00-ге дейін, лидерлерге сағат 00:00-ге дейін ұзартылды.
 
Сонымен қатар хатта "қызыл", "сары", және "жасыл" аймақтардың нысандары бойынша түсіндірме берілген. Бас санитар дәрігердің ақпараты бойынша Ashyq жобасына қатысушы нысандар критерий талаптарына сәйкес жұмыс істей алады. Осы ретте "қызыл" аймақ өңірлерінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің Ashyq қатысушыларына қатысты айтарлықтай қатаң шараларды қарастыратын қаулылары қабылдануы мүмкін.
 
Хатта 2021 жылғы 9 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі одан әрі шараларды қабылдау мақсатында жүктемені тиісті өлшемшарттар бойынша денсаулық сақтау жүйесіне бағалауды жүзеге асыратыны жазылған. 
 
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны