15.02.2023, 10:02 44246

Петропавлда оқушыларға балтамен шабуыл жасаған жасөспірім екі айға қамауға алынды

Петропавлда оқушыларға балтамен шабуыл жасаған жасөспірім екі айға қамауға алынды
Сурет: ?леуметтік желілерден алын?ан сурет
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Петропавл. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Петропавлда мектепке сөмкесіне пышақ-балта салып әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысын сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын берді.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.


Естеріңізге салайық, 13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, өзімен қатарлас үш оқушыны жарақаттады.

Кейін белгілі болғандай, мектепке балта-пышақ әкеліп, балаларға тап берген оқушы дәрігерлердің психиятриялық есебінде тұрған.

Зардап шеккен екі балаға шұғыл түрде ота жасауға тура келді. 14 ақпан күні олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайлары тұрақты, өмірлеріне келер қауіп жоқ.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны