23.11.2021, 19:49 72393

Pfizer препаратымен 35 мыңнан астам қазақстандық вакцинацияланды

Pfizer препаратымен 35 мыңнан астам қазақстандық вакцинацияланды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚАРАША - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстандағы вакцинацияның барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрі мәлімдегендей, 1-компонентпен 8,7 млн адам егілді, тиісті ересек халықты қамту халық санының 76%-ын немесе 46%-ын құрайды, екінші компонентпен 70% немесе халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 млн-нан астам адам екпе алды.
 
А. Цой атап өткендей, Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцина алуы тиіс 35 012 бала, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды. Вакцинаны апта сайын жеткізу жалғасуда. 
 

Тұмауға қарсы вакциналау аяқталды, 2 млн 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3%-ы егілді. Халық санынан халықты қамту 13% құрады және ДДСҰ-ның талап етілетін деңгейіне жетті (кемінде 10%). КВИ және ЖРВИ ауруларын бақылау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", — деп түйіндеді А. Цой.

 
Жалпы, Қазақстанда соңғы айда ауруды жұқтыру 2,4 есеге, стационарлардағы науқастар 1,4 есеге, амбулаторлық науқастар 1,8 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы – 30%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 25% құрайды.
 
Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе шекара маңындағы облыстарда тұрақты бақылауда ұстауды, вакциналау қарқынын арттыруды, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау режимін қамтамасыз етуді тапсырды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны