12.11.2021, 19:05 21031

Pfizer вакцинасы Нұр-Сұлтанға келді

Бірінші кезеңде америкалық вакцинаның 35 мыңнан астам дозасы келді.
Pfizer вакцинасы Нұр-Сұлтанға келді
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАРАША - Pfizer вакцинасы елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Бірінші кезеңде америкалық вакцинаның 35 мыңнан астам дозасы келді. Дозалардың бәрі сақтаулы тиіс мұздатқыштарға орналастырылды.
 

Алғашқы партияның 35 100 дозасы бүгін медициналық ұйымдардың вакцинация пунктеріне, сол сияқты елордалық мектептердің медициналық пунктеріне бөлінеді. Бұрын біз БМСК ұйымдарында ғана вакциналауды жоспарлаған едік, бірақ екпе алудың ыңғайлылығы үшін білім беру мекемелеріндегі медициналық пунктерде жасөспірімдерге екпе салу мүмкіндігі қарастырылды. Медицина қызметкерлері арнайы оқытудан өтіп, барлық ұсынымдар бойынша хабардар. Сондықтан осы санаттағы адамдарды қауіпсіз вакциналауға кірісуге дайынбыз", - деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

 
Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі. Әрбір егу пункті ұйымға тіркелген халықты ескере отырып, дозаны аз мөлшерде алатын болады.
 
Әлия Рүстемова жеткізілген дозалар тек 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді, бала емізетін аналар мен лактация кезеңіндегі әйелдерді, сондай-ақ 12-17 жас аралығындағы балаларды вакциналауға арналатынын айтып өтті.
 

Қала тұрғындарының басым бөлігі Pfizer-дің келуін күтті. Бірақ бұл вакцинамен бәрін егу мүмкін емес. Тек халықтың тиісті бөлігіне ғана арналады", - деді Ә. Рүстемова.

 
Қазіргі уақытта елордада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар.
 
Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті бар, бірақ Pfizer-ді тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің медициналық пунктерінде егеді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны