07.10.2021, 20:47 57229

Pfizer вакцинасын Алматыға жеткізу 20 қазаннан кейін жоспарланып отыр

Алматы қаласы үшін 130-дан 160 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
АЛМАТЫ. 7 ҚАЗАН - Pfizer вакцинасын Алматыға жеткізу 20 қазаннан кейін жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Pfizer вакцинасы 4-ші тоқсанда, Алматыда 20 қазаннан кейін жоспарланған болатын. Алматы қаласы үшін 130-дан 160 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Алматы үшін квота бөлу нақтылануда", - деді Табынбаев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны