10.11.2021, 20:29 53149

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға 15 қарашаға дейін жеткізіледі

15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАРАША - Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын жеткізу туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарлануда. Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, 34 бірлік тоңазытқыш жабдық сатып алынып, 16 аймаққа жеткізілген. Бұдан басқа, қосымша 51 бірлік тоңазытқыш жабдық сатып алынды, оларды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жеткізу жоспарланып отыр", — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі.

 
Отырыста ол, сондай-ақ, халықты ревакцинациялау және балаларды вакцинациялау мектептерде ұйымдастырылатыны туралы айтты.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,4 есеге, ал өлім-жітім 4 есеге төмендеді.
 
Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілетін 205 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан халықты КВИ-ға қарсы екі дозамен вакциналаумен қамту бойынша 105-орында тұр және халық санының 41%-ға жуығын вакциналаумен қамтуға қол жеткізді.
 
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мен Әзербайжан ғана халықты вакциналаумен қамту көрсеткішінің 40%-дан астамына қол жеткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны