02.04.2021, 20:52 13272

Президент әкімшілігі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылауға қосылды

НҰР-СҰЛТАН. 2 СӘУІР - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Президент әкімшілігінің бастамасымен өткен "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылау туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, зообелсенділер қатысты.
 

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы және ол Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауында. Біздің міндетіміз – жан-жақты пысықталған және тиімді жұмыс істейтін заң алу үшін тапсырманы мерзімінде және сапалы орындау", - деп атап өтті Президент Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Олжас Жораев.

 
Кеңес барысында заң жобасының даулы нормалары егжей-тегжейлі қаралып, жануарлардың мәртебесі және оларды қорғау шаралары талқыланды. Сонымен қатар, ілеспе заң жобасын іске асыру туралы да сөз болды. Парламент Мәжілісінің депутаттары Елдос Абақанов пен Вера Ким заңды уақытылы қабылдау үшін Министрлікпен, мемлекеттік органдармен және зооқорғаушылармен тығыз өзара іс-қимыл жасауға әзір екендіктерін білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша азаматтық сектор мен мүдделі мемлекеттік органдардың пікірін ескере отырып, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жұмыс тобы шеңберінде негізгі және ілеспе заң жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ұсынылды, бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі зообелсенділермен, қоғам өкілдерімен бірлесіп "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын әзірледі. Құжатта жануарларға жауапкершілікпен қарауды және оларға адамгершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған нормалар бар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны