08.09.2022, 18:16 26946

ҚР-да екі пән бойынша ҰБТ-ға өзгерістер енгізілді

ҰБТ тапсырмаларының құрылымына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
ҚР-да екі пән бойынша ҰБТ-ға өзгерістер енгізілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Биыл түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін)", - деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

 
 "Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі. 
 
Сонымен қатар, ҰБТ тапсырмаларының құрылымына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды:
 
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
 
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады.
 

Бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік беретініне сеніміміз мол", - деп қосты орталықта.

 
Бұған дейін хабарланғандай, ҰБТ бейнежазбаларын тексергеннен кейін 137 қазақстандық гранттан айырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны