12.01.2023, 12:49 66316

ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды

ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды
Колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылуда

Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда басқа өңірден келген колледж студенттеріне демалыс кезінде жол жүру үшін өтемақы растайтын құжаттарсыз төленетін болады, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа отырысында.

Басқа өңірден келген студенттерге демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды. Төлемдер мөлшері 4 АЕК", - деді ол.


Сондай-ақ, оның айтуынша, колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылуда.

Бұл оқушылардың оқуын аяқтағаннан кейін мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алуға және еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.


Сонымен қатар, колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша оқытылады.

Бұған дейін Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтерілгені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны