04.04.2022, 17:05 13006

ҚР-ның 285 елді мекені үшін су басу қаупі сақталады

Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекеннен су басу қаупі жойылды.
ҚР-ның 285 елді мекені үшін су басу қаупі сақталады
Сурет: ҚР ТЖМ
НҰР-СҰЛТАН. 4 СӘУІР - Бүгінгі күні Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекеннен су басу қаупі жойылды. 385 елді мекенде қауіп азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда", - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 
Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте өңірлер аумағында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 м3 еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді. 
 
Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 7 961 инертті материал салынған қап төселді. Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.
 
Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарына Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылды.
 

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр", - деп хабарлады ТЖМ.

 
Өткен тәулікте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Олар уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ. ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілді.
 

Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді, Ақтөбе облысында 57 саяжай үйін және 21 аула аумағын су басты", - деп хабарлады ведомствода.

 
Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда.
 
Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар, деп қорытындылады министрлікте.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны