21.01.2022, 16:51 27326

ҚР 21 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 16 мыңнан астам жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді

ҚР 21 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 16 мыңнан астам жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 20 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 117 160 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 16 284 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 5 006, 
 
Алматыда - 2 057, 
 
Шымкентте - 444, 
 
Ақмола облысында - 1 200, 
 
Ақтөбе облысында - 586, 
 
Алматы облысында - 467, 
 
Атырау облысында - 556, 
 
ШҚО-да - 540, 
 
Жамбыл облысында - 280, 
 
БҚО-да - 410, 
 
Қарағанды облысында - 2 497, 
 
Қостанай облысында - 420, 
 
Қызылорда облысында - 370, 
 
Маңғыстау облысында - 256, 
 
Павлодар облысында - 865, 
 
СҚО-да - 182, 
 
Түркістан облысында - 148.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 256 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 980 844 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 қаңтарға КВИ-ден 124 744 адам (123 205 КВИ+ және 1 539 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 8 929 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 115 815 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 396 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 88 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 57 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 111 өлім жағдайы тіркелген. 19 қаңтарда КВИ-ден 6 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 19 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 157 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 165 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 209, өлім - 5 246, сауыққандар - 78 424. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 20 қаңтарда I компонентпен 9 104 772 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 667 645 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны