02.12.2021, 19:44 55724

ҚР БҒМ: мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды

ҚР БҒМ: мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. 
 
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңа жылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - делінген білім министрлігі тартқан ақпаратта.

 
Жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайтын болады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны