11.03.2021, 14:54 14637

ҚР Білім министрлігі музыка мектептерін жекешелендіруді қолдамайды

Нұр-Сұлтан. 11 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерін жекешелендіруді қолдамайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерін жекешелендіруді қолдамайды. Бұл нысандар қосымша білім беру жүйесіне жатады, ал балалары музыкалық үйірмелерге қатысатын мұғалімдер мен ата-аналардың алаңдаушылығы түсінікті. Керісінше, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын дамыту қажет", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінде.

 
Бұдан басқа, ведомствоның ақпараты бойынша, МЖӘ қағидаты бойынша жаңа қосымша объектілер құру және ашу үшін бизнесті қосымша тарту қажет.
 

Сонымен қатар, биыл "Білім туралы" Заңға түзетулер енгізілді, соның негізінде әкімдіктер мемлекеттік тапсырысты орналастырып, балалардың жеке дамыту орталықтарында үйірмелер мен секцияларға баруы үшін жағдай жасай алады", - деп атап өтті Білім министрлігінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық меншіктің бірнеше ұйымын сатуға шығару туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Олардың ішінде үш музыкалық мектеп бар. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова музыка мектебін қорғауға кірісті
 
 
 
Балалар музыка мектептерінің (№1 Балалар музыка мектебі (хор мектебі), Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебі және №11 балалар музыка мектебі) бәсекелестік ортаға берілуі жұртшылық арасында әлеуметтік шиеленісті тудыруына байланысты Алматы әкімдігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен және Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп талқылау өткізді.
 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімдігі ҚР Премьер-Министрінің атына Балалар музыка мектептерін жекешелендірілетін нысандар тізімінен шығару туралы хат жолдаған.
 
Қазіргі уақытта қалада 17 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, олардың ішінде Оқушылар сарайы, 7 аудандық Оқушылар үйі, Өнер мектебі, 23 мыңнан астам баланы қамтитын 8 музыка мектебі бар.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны