22.02.2022, 17:52 33471

ҚР Денсаулық сақтау министрі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Қазіргі эпидемиялогиялық жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Қазіргі эпидемиялогиялық жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді, соңғы аптада аурудың тәуліктік өсімі тәулігіне 1 200 жағдайға дейін төмендеді, бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті, ол 27 қаңтардан бастап бір бірліктен төмен және 0,6-ға тең", - деді А. Ғиният.


А. Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы бірінші компонентпен ересек халықтың 82,1%-ы егілді, екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді. 2,4 млн адам ревакцинация жасатты.

Эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Соңғы айда коронавирус инфекциясы жағдайларының орташа тәуліктік саны 34 есе азайды. Стационарда емделіп жатқан адамдардың саны 2,3 есе", -  деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.


Бүгінгі күні денсаулық сақтау ұйымдарында 30 мыңнан астам пациент, оның ішінде 86%-ы амбулаториялық деңгейде және 14%-ы стационарлық деңгейде емін жалғастыруда.

Министрлік республикадағы коронавирус инфекциясы штамының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізуде. Ақпан айында оң нәтижелі үлгілерді кезекті генотиптеу жұмыстары аяқталды. Елдің барлық өңірлерінде «Омикронның» айналымы анықталды және жалпы зерттелген үлгілердің 72%-ын құрады. Сондай-ақ барлық өңірлерде «Омикронмен» қатар, «Дельта» штамының айналымы жалғасуда және жалпы үлгілердің 25%-ын құрайды.

Коронавирустық инфекциямен ауыру жағдайы тұрақтануда. Көптеген өңірлер қазірдің өзінде "жасыл аймақта". Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайға мониторингті сақтау қажет", - деді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов. 


Ол Президенттің тапсырмасы бойынша бизнес пен халық үшін жеңілдіктер жалғасып жатқанын еске салды.

Сонымен қатар, әкімдіктер халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жалғастыруы қажет, барлық өңірлерде бұл үшін вакциналардың жеткілікті саны бар. Ревакцинация бойынша ең төменгі қамту Нұр-Сұлтан мен Атырау облысында. Артта қалған өңірлердің әкімдерінен осы жұмысқа бақылауды күшейтуді сұраймын", - деп тапсырды премьер-министр. 






 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны