16.07.2021, 21:56 21108

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқан балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мүмкіндігін қарастыруда

НҰР-СҰЛТАН. 16 ШІЛДЕ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқан балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлемде қолданылатын барлық вакциналар үшін 18 жасқа дейінгі балалар вакцинацияға жатпайды. "Pfizer вакциналары 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау үшін қолданылады. Сондықтан қазір балаларды вакцинациялау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деді Есмағамбетова.

 
Ол Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балалар саны 2 млн-ға жуық екенін атап өтті және "бұл өте үлкен көрсеткіш, ал "дельта" штаммының таралуын, инфекция клиникасының өзгеруін, тез берілуін ескерсек, балалар жиі ауырады деп айта аламыз".
 
Оның айтуынша, дәрігерлер балалардың жиі ауыра бастағанын айтады. 
 
Комитет басшысы Pfizer компаниясымен келіссөздер наурыздан бастап жүргізіліп жатқанын және Қазақстан Республикасына бірқатар талаптар қойылғанын айтты.
 

Бұл талаптар өте қатал, сондықтан оларды азайтуға және деңгейін төмендетуге уақыт қажет болды", - деп қорытындылады спикер.

 
Естеріңізге сала кетейік, Pfizer компаниясымен 2021 жылдың IV тоқсанында вакцинаны жеткізуге алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны