28.09.2022, 18:38 18391

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау фактісі бойынша тергеу жүргізуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау фактісі бойынша тергеу жүргізуде
Сурет: Depositphotos
АҚТӨБЕ. 28 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар Комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.
 
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №74 жалпы білім беретін орта мектебінде туберкулиндік диагностикаға жататын бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі орын алды.
 

Мектеп бойынша профилактикалық екпелерді жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың ("Медикус орталығы" ЖШС ) дәрігері мен мейіргері тағайындалды. Аталған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілді. Балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда", - деп хабарлады ведомствода.

 
КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбе мектептерінің бірінде Манту сынамасының орнына балаларға БЦЖ вакцинасы салынды. Ата-аналар инъекция орнында біртүрлі өзгерістерді байқады және балаларының денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, инъекция орны ісіп, іріңдеген. Кейбір балалардың қызуы көтерілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны