03.08.2021, 19:09 9740

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тамыз және қыркүйек айларындағы коронавирустық инфекция бойынша болжамды жариялады

Еліміз оптимистік сценарий бойынша жүріп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында тамыз және қыркүйек айларындағы коронавирустық инфекция бойынша болжамды жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидемиологиялық ахуалдың болжамы негізінде еліміз оптимистік сценарий бойынша жүріп жатыр, онда 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды құрайды (орташа есеппен тәулігіне 7 мың жағдай)", - деді Цой.

 
Министрдің айтуынша, оптимистік сценарийді одан әрі дамыту карантин шараларын сақтаған және тиісті тұрғындарды вакциналаумен қамтуды арттырған жағдайда ғана мүмкін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны