11.08.2022, 16:55 20891

ҚР Энергетика министрлігі мұнай мен газды Еуропаға экспорттаудан түсетін табысты уәде ететін жалған жарнама туралы ескертті

Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады.
ҚР Энергетика министрлігі мұнай мен газды Еуропаға экспорттаудан түсетін табысты уәде ететін жалған жарнама туралы ескертті
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - ҚР Энергетика министрлігі қазақстандықтарды мұнай мен газды Еуропаға экспорттаудан түсетін табысты уәде ететін жалған жарнама туралы ескертті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс алатынына сендіре отырып, газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда. Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

 
ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады.
 

Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны