04.08.2022, 16:13 22131

ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ-тың бірінің ведомство отандық өндіріске зиянын тигізіп, қорғаныс өнеркәсібінің шетелдік өндірушілеріне басымдық береді деген мәлімдемесін жоққа шығарды

ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ-тың бірінің ведомство отандық өндіріске зиянын тигізіп, қорғаныс өнеркәсібінің шетелдік өндірушілеріне басымдық береді деген мәлімдемесін жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қазақстандық БАҚ-тың бірінің ресурсында орналастырылған материалға түсініктеме берді, онда редакция қорғаныс өнеркәсібі мәселелерін көтереді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, аталған материалда редакция қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелерін көтеріп, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС-ның қорғаныс ведомствосына қоятын талаптары айтылады және олардың ресейлік және түрік өндірушілеріне басымдық беріп, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібіне зияны тиіп, оның тоқталуына әкеп соғуы мүмкін деген болжам айтады.
 

Елдің қорғаныс қабілетіне жауап беретін Қорғаныс министрлігіне қару-жарақ пен әскери техниканың сан түрі (ҚЖӘТ) қажет екенін атап өтеміз. Бұл ретте әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарына да басымдық беретіні анық", - деп мәлімдеді қорғаныс ведомствосында.

 
Ведомствода Қорғаныс министрлігі әскери техника мен қару-жарақты сатып алу кезінде олардың тактикалық-техникалық, пайдалану сипаттамаларына, сондай-ақ баға мен сапа көрсеткішінің арақатынасын ғана бағдарлайтынын түсіндірді.
 

Қорғаныс министрі де, кез-келген лауазымды тұлға да, тек арнайы құрылған алқалы орган ғана әскери сарапшылардың, ғалымдардың, Қарулы күштердің жауынгерлік құрамы мен ықтимал ұрыс қимылдарының сипаты негізінде қандай қару-жарақ пен қандай техниканы сатып алуды анықтайды. Әлемнің бірде-бір елі қандай да бір қару-жарақтың, қандай да бір үлгісін, жарақ түрі мен санының неге сатып алынатыны жайлы егжей-тегжейлі жайып салмайды", - деп атап өтті ведомствода.

 
Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде қару-жарақ пен әскери техника нарығына мониторинг жүргізіп отыр. Қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін қабылдау тәртібі ресми нормативтік акт болып табылатындықтан қабылдау ережелеріне сәйкес нақты регламенттелген. Түріктің бронды көліктеріне келсек, олар да осы құжатта анықталған процедураға сәйкес зерделенетін болады.
 

Түріктің бронды машинасын сатып алу мәселесі сынақ қорытындылары бойынша ішкі ведомстволық кеңес беруші орган оң шешім қабылдаған жағдайда ғана қаралады", - делінген мәлімдемеде.

 
 "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС-нің экономикалық есептеулерге, маркетингтік қателіктерге және екінші деңгейдегі банктердегі кредиттерге байланысты өндірістік проблемалар қорғаныс ведомствосымен талқыланбайды. 
 

Өздерінің қаржылық проблемаларына сілтеме жасай отырып, қоғамдық пікірді бұру, Қорғаныс министрлігіне жөнсіз тиісу әрекеттері пайдасыз және оның салдары құқықтық сипат алуы да ықтимал", - деп ескертті Қорғаныс министрлігі.

 
Ведомствовда әңгімені сан-саққа жүгірту жөнінде қорғаныс ведомствосының басшысы бірінші басшы ретінде барлық әскери-техникалық жобаларды егжей-тегжейлі зерделеуге, сатып алынатын өнімді әртараптандыруға, олардың мүмкіндіктерін, жеке құрамның қорғалуын және басқа да өлшемдерді зерделеуге белсенді қатысатынын атап өтті. 
 
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі құзыретті бірқатар шетелдік компаниялармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруда.
 

Қорғаныс ведомствосы үшін негізгі басымдық жауынгерлік әзірлікті нығайту және қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін атыс күшін арттыру болып табылады. Жалпы, Қорғаныс министрлігі қазақстандық армияның қажеттіліктері үшін сындарлы түрде құрылған негізде қорғаныс өнеркәсіп кешендерімен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін естеріңізге сала кетейік", - деп қосты ҚР ҚМ.

 
Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны