25.11.2022, 18:30 27491

ҚР Президенті ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасау жағдайларын тергеуді тапсырды

БАҚ-тың өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды.
ҚР Президенті ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасау жағдайларын тергеуді тапсырды
Сурет: видеодан кадр
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасау жағдайларын тергеумен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
 

Президенттің атына жолданған "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды", - деп жазды Руслан Желдібай желідегі парақшасында.

 
Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды.
 
Бұған дейін ElMedia жобасының жетекшісі және авторы Гүлжан Ерғалиева ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа редакцияға жасалған тоқтаусыз шабуылдар туралы хабарлаған болатын, деп хабарлайды ElMedia телеграм-арнасы.
 

Бірнеше миллион қаралым жинаған біздің ElMedia арнасының пайдаланушылары атынан Алматыдағы редакциямызға террористік шабуыл жасау жағдайларын, сондай-ақ басқа медианың басқа редакцияларына шабуыл жасау жағдайларын бақылауға алуды талап етемін", - деді Гүлжан Ерғалиева.

 
 "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының мәліметінше, 25 қарашада полиция "ElMedia" кеңсесі орналасқан бизнес орталығында төрт рет терезені сындырған күдіктілерді ұстаған.
 
18 жастағы екі жігіт ұсталды, біреуі алматылық, екіншісі - Тараз қаласының тұрғыны. Полиция олардың әрекеттерін "ұсақ бұзақылық" деп бағалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны