11.11.2021, 19:24 28095

Ресейлік нөмірлері бар автокөлікті пайдалану мәселелері бойынша ІІМ-нің Call-орталықтары ашылды

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.
Ресейлік нөмірлері бар автокөлікті пайдалану мәселелері бойынша ІІМ-нің Call-орталықтары ашылды
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАРАША - Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына, сондай-ақ ІІМ есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеруге байланысты азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды деп хабарлады. Ол телефондар арқылы жүргізушілер полицияға өздеріне маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады.
 
Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны