12.08.2021, 17:37 12522

Респонденттердің көпшілігі қашықтықтан оқыту немесе онлайн және офлайн оқыту арасында таңдау жасау туралы айтты

АЛМАТЫ. 12 ТАМЫЗ - Респонденттердің басым көпшілігі COVID-19 ауруының шыңы кезеңінде қашықтықтан оқытуды жалғастыру немесе ата-аналарға онлайн және офлайн оқыту арасында таңдау жасау мүмкіндігін беру қажет деп санайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Жаңа оқу жылы қарсаңында Kazakhstan Today агенттігі сауалнама жүргізді. Агенттік сайтында оқырмандардан: "Сіздің ойыңызша, балалар мектепке қайта оралуы керек пе?" - деген сұраққа жауап беру ұсынылды.
 
Респонденттердің басым көпшілігі (69%) қашықтықтан оқытуды жалғастыру немесе ата-аналарға онлайн және офлайн оқыту арасында таңдау жасау мүмкіндігін беру қажет деп санайды. Оның ішінде: 37%-ы ата-аналарға онлайн және офлайн оқытуды таңдау мүмкіндігін беру керек деп санайды, респонденттердің 32% қашықтықтан оқытуды жалғастыру қажет деп жауап берді.
 
27% мектептерге оралу керек деп санайды. 
 
Респонденттердің 2% "Маған бәрібір" жауабын таңдады.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкімет отырысы барысында жаңа оқу жылында мектеп оқушылары дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болды. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды.
 
Премьер-Министр осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, осы жылғы 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды. 
 
Хабарланғандай, барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгіні өткізеді. Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін "Ashyq" жүйесі енгізіледі. Өздеріңіз білетіндей, Ashyq жүйесі кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалар вакцинацияланбайды.
 
 
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан COVID-19 ауруының шыңын бастан кешуде. Күніне 7 600-ден астам жаңа коронавирус ауруы оң ПТР тестімен тіркеледі. 10 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 427 жағдайы тіркелді. 2021 жылғы 11 тамыздағы 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 664 524 жағдайы расталды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 64 492 науқас тіркелді.
 
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 1 ақпаннан бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентімен 5,9 млн адам егілді, екінші компонентімен 4,5 млн адам егілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 19 млн адамды құрайды. Осылайша, 13 миллионнан астам халық вакцинацияланбаған.
 
Сонымен қатар, оңтүстік астананың мысалында аурудың ықтимал өсуі туралы болжамдар оптимистік емес. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай коронавирустың Дельта штаммымен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты нашарлау үрдісіне ие, деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ӨКҚ брифингінде.
 
Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің пікірінше, Алматыда COVID-19-дың кезекті төртінші толқынының шыңы тамыз айының ортасында, ал қыркүйек айының басында төмендейді деп күтілуде. 
 

Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда", - деді Бекшин. 

 
Алматы қаласының инфекциялық стационарларында 8 910 төсек-орын бар, 10 тамыздағы жағдай бойынша оларда 5 474 адам (216 бала) жатыр. Үйде Алғашқы медициналық жедел жәрдем мен Телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 11 908 пациент бар, симптомдармен - 11 090 жеңіл және орташа дәрежеде, симптомсыз - 539.
 
Ата-аналар қауымы сұрақ қояды: ҚР БҒМ білім беру ұйымдарында балалар арасында COVID-19 ықтимал өршуіне жол бере ме? Онымен күресу үшін жеткілікті күш пен қаражат бар ма?
 
Мұны ҚР Білім министрлігіне жіберілген ресми сұрау ретінде қарастыруыңызды сұраймыз.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны