12.04.2021, 19:23 6861

Сәуір айында Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады

Өлім-жітім жағдайларының 57%-ы 3 өңірге — Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - Сәуір айында Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, сәуірдің 11 күнінде 24 955 жағдай тіркелген, наурыздың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 3 есе өсуі байқалады, тәулігіне 2800 науқастан тіркелуде. Қостанай және Түркістан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады", — деді А. Цой.

 
Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 61%-ы 3 өңірге — Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
 
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика 12 күннен бері қызыл аймақта орналасқан. Сондай-ақ, қызыл аймақта 8 аймақ бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.
 

Сырқаттанушылықтың өсуімен қатар, өлім-жітім жағдайлары санының өсуі байқалады, мәселен наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті. Бұл ретте өлім-жітім жағдайларының 57%-ы 3 өңірге — Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі. Сәуір айында эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тестілеудің тәуліктік саны тәулігіне 48 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады, бұл ел бойынша жалпы тәуліктік қуаттың 41%-ын құрайды", — деді А. Цой.

 
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық өңірлерде қосымша шектеу шаралары қабылдануда.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны