03.08.2021, 20:53 9136

Сапарбаев Президенттің ескертуінен кейін Досаевты жұмыстан шығарды

ТАРАЗ. 3 ТАМЫЗ - Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертуінен кейін Қайрат Досаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сай, 2021 ж. 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды", - делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
2021 ж. 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды. 
 
Тағайындау қоғамдық резонанс тудырды және ел Президентінің Жамбыл облысы басшысына қатысты сыны орын алды, өйткені Досаев жұмыстағы елеулі олқылықтары үшін 2019 жылы Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған болатын.
 
2019 жылы Таразда резонанстық оқиға орын алды - жетінші сынып оқушысы мектеп аумағындағы көше дәретханасында зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оқиғадан кейін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атқаратын қызметтерінен завуч, қызды сабақтан босатқан математика пәнінің мұғалімі, сол күні кезекші болған мұғалім, вахтер және мектеп инспекторы босатылды. Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімін жұмыстан шығаруды тапсырды
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны