26.08.2022, 17:55 27226

Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. 26 ТАМЫЗ - Қазақстанның 8 өңірінде бұрқасын мен көктайғақ болады деп болжануда.

22-23 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. 22 желтоқсанда түнде оңтүстік, оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, 23 желтоқсанда түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жел тұрады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел 22, 23 желтоқсанда түнде 15-20 м/с жетеді.

22 желтоқсанда  Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде оңтүстікте, солтүстікте, батыста, облыстың тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да көп жел соғады.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, батыстан, солтүстіктен, облыс орталығынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман болады. Облыс орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді,

Ақмола облысының батысы мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады, Көкшетауда 22 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстікте, солтүстік-батыста боран соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді, Оралда 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде түнде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында қар жауады. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында боран соғады. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны