30.12.2021, 14:11 18086

Сенаторды Қазақстан нарығында сатылатын тірі жаңа жылдық шыршалардың қайдан шыққаны қызықтырды

Сенаторды Қазақстан нарығында сатылатын тірі жаңа жылдық шыршалардың қайдан шыққаны қызықтырды
НҰР-СҰЛТАН. 30 ЖЕЛТОҚСАН - Сенатор Ақылбек Күрішбаев Жаңа жылды қарсы алу үшін шыршаларды кесуді вандализм деп атады. Ол Үкіметті мәселені шешуге шақырды.
 

Жаңа жыл қарсаңында сауда орындарында сатылып жатқан жасыл шыршаларды көруге болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитария қызметі мәліметінше, Ресейден ресми түрде әкелінген жаңажылдық шыршалар саны 78 мың дана. Ал Экология министрлігі мәліметінше, 106 мың. Қазақстанда Жаңа жылға басқа елдердегідей табиғи екпелерді кесу қарастырылмаған. Осы тұста сұрақ туындайды - заңсыз кесілген ағаштар импорт ретінде сатылып жатқан жоқ па? Жерді сақтау, абаттандыру және көгалдандыру - әр қазақстандықтың парызы. Бірақ мерекенің бірнеше күні үшін тірі ағашты кесу - вандализм. Бұл халқымыздың дәстүрінде ешқашан болмаған", - деді депутат Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

 
Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз ағаш кесудің 224 жағдайы анықталғанын айтты.
 

Егер 30 миллион гектарға жуық аумақта орман қорын бақылайтын тек 147 инспектор болса, орман ресурстарының сақталуы туралы қалай айтуға болады? Біз олардың санын бұрынғыдан кем дегенде екі есе көбейтуді ұсынамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының техникамен қамтамасыз етілуі нормативтің 66 пайызынан аспайды, бұл ретте осы 60 пайыз техниканы пайдалану мерзімі 10 жылдан асады. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңге. Жалпы, орман шаруашылығы Қазақстандағы ең төмен жалақы алатын сала саналады", - деді депутат.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны