26.07.2022, 13:06 15416

Сенімхаттардың жекелеген түрлерін енді онлайн рәсімдеуге болады

"Цифрлық нотариат" пилоттық жобасы іске қосылды.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Әділет министрлігі Цифрлық даму, инноваицялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп, "Цифрлық нотариат" пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жоба нотариалдық сенімхаттарды онлайн куәландыруды көздейді.
 
Бірінші кезеңде БҚО, СҚО және Павлодар облысының нотариустары қатысады.
 
ҚР Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, аталған жоба азаматтардың электрондық форматта:
 
- Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, мекемелерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында мүдделерін білдіруге;
 
- мұрагерлік істі жүргізуге;
 
- Қазақстан Республикасының соттарында істерді жүргізуге арналған сенімхаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді.
 
Қызметті алу үшін enis.kz сайтының "Цифрлық нотариаттық іс-әрекеттер" сервисіне өту қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны