09.11.2022, 17:19 19846

Тоқаев Shell компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Тоқаев Shell компаниясының басшылығымен кездесу өткізді
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және газ, ЖЭК, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі.
 
Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны