15.07.2021, 20:52 17283

Шетелден келген егілмеген қазақстандықтар оқшауланады - Қиясов

Республиканың бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың тиісті Қаулысы бүгін БАҚ-та жарияланды.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Шетелден келген вакцинация паспорты жоқ қазақстандықтар 3 күнге оқшауланады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республиканың бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың тиісті Қаулысы бүгін БАҚ-та жарияланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Қазақстан Республикасының келген азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама және Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) маманы жүзеге асырады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады", - делінген құжатта.

 
Бұдан бұрын қызметкерлеріне вакцинациясыз жұмысқа кіру мүмкіндігі шектеулі ұйымдардың тізімі жарияланды. 
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны