08.09.2022, 15:18 27491

Шілде айының басынан бері Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін алты рет айыппұл салынды

Шілде айының басынан бері Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін алты рет айыппұл салынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Осы жылдың шілде айынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
 
Осылайша, ағымдағы жылғы тамыздың үшінші онкүндігінде "Эйр Астана" әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі "Fly Arystan" әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.
 
SCAT әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
 

Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды ҚР ААК.

 
Ведомствода атап өткендей, тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады.
 
Air Astana-ға рейстерді кешіктіргені үшін төртінші рет айыппұл салынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны