Құтқарушылар Бартоғай су қоймасы маңында қар үйіндісінде қалып қойған адамдарды эвакуациялады
Қар үйіндісінде 12 адам және 16 бірлік автотехника қалған еді
Сурет: gov.kz
Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 5 қаңтар күні сағат 21.45-де Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, таңғы сағат 09.00-де қар құрсауында қалған 12 жүргізуші мен 16 бірлік автотехника қалды, оның 4-і сынып қалған болатын.
Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары 5 қаңтар күні сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты.
Жалпы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, полиция департаментінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, ерікті-еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды. Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды. Олар эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қызметтердің мамандарына адамдарды құтқару ісіндегі қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтты", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы облысының ТЖД дауылды ескертулерді елемеуге және ауа-райының қолайсыз жағдайларында өтуі қиын, қарлы учаскелерге бармауға кеңес береді. Сондай-ақ, облыстың ТЖ департаменті жоспарланған туристік бағыттар туралы Алматы облысының ТЖД хабарлау қажеттігін еске салады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелік ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, үйлеріне оралмаған. 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20:30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды.
2023 жылғы 5 қаңтардағы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, қар үйіндісінен 81 адам (57 ер адам, 16 әйел және 8 бала) эвакуацияланды, 22 бірлік автотехника шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.